Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Контактная информация: Тел.: +7 (726)-3550352 Email: juali-gersen-om@mail.ru

Объявление от Asia.kz:
Создайте себе сайт-визитку бесплатно!

Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане

 
 
Объявление

Fusce euismod consequat ante. Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit.

 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
 

Мектеп тарихы

 

№29 А.Герцен атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы. 

         Жуалы ауданы ,Бауыржан Момышұлы ауылында 1956 жылы А.Герцен атындағы № 29 мектеп  салынып, осы жылы мектепті Литовкин Василий Федорович басқарды. Сол кезде 8 жылдық  орыс мектебі  болып құрылды. Осы мектепті азғана уақыт Ералиева Людмила Абдрахмановна басшылық етті.

1972-1986 жыл аралығында Шаповалова Анна Петровна  директорлық қызмет атқару барысында мектеп 10 жылдық орта мектеп болды.Жас директор асхана мен спорт зал салуды  мақсат етіп қояды.1985 жылы Республика басшыларына ата-аналар атынан жаңа мектеп салуды сұранып хат жазады.Басшылықтан жауап хатта келеді,бірақ мектеп салу жұмысы кейінге қалдырыла береді.Шаповалова Анна Петровна осы мектептен құрметпен Зейнетке шығады. Мектеп  директоры болып 1986-1988 жылдар арасында сол мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Филяева Татяна Владимировна басшылық етіп 1988 жылы асхана мен мәжіліс залын салдырады.

1988-1989 жылдары Майбалаев Асқар Шоқайұлы басқарады.

1989 жылы  мектепті басқаруға Дукардт Владимир Петрович келеді.Орыс өкілдерінің еліне кетіп азаюына байланысты мектеп 9 жылдық болып өзгереді.1991-1992 оқу жылында қазақ балалары үшін қазақ сыныптары ашылды.1995 жылы директор Дукардт Владимир Петрович шет елге көшіп кетуіне байланысты жұмыстан шығады.

1995 жылдан бастап осы мектептің  бастауыш  сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі  Шмидт Надежда Николаевна   директор болып тағайындалды.

1997 жылы физика пәнінің мұғалімі  Түрікбаев Құралбай Оразбайұлы  мектеп  директоры болып  тағайындалды. Қазақ сыныптарының көбеюіне байланысты 11 жылдық орта мектебі болып қайта бекітілді.

2005 жылдың ақпан айының  басында тосынан болған  табиғат апатынан  мектеп оқу процесін жүргізуге жарамсыз болып қалды.

Төтенше жағдай бойынша министрліктің тексеру қорытындысы бойынша   жаңа оқу жылының басталуына дейін мектеп  қайта салынуға кірісті.

Мектеп директоры Құралбай Оразбайұлы Түрікбаев  зейнетке шығуына байланысты мектепті басқаруға бірнеше жыл Д.Қонаев атындағы мектеп гимназиясының директордың  оқу ісінің меңгерушісі  болып қызмет атқарған тарих пәнінің мұғалімі Ерниязова Жұпат Оралқызы келді.

 Мектеп ұжымы мен оқушылар оқу процесі Теріс ауылында  Сейфуллин атындағы  орта мектебіне тасмалданып оқытылды. 

2005-2006 оқу жылы жаңа мектеп ғимараты  бой көтерді.  Мекеме  кәзіргі заман талабына сай 2 қабатты  300 орынға арналған.

2007-2008 оқу жылында  орыс тілі пәнінің мұғалімі  ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған Сұлтанова Айтолқын Үсенқызы басқарды.

2008 жылдың желтоқсан айынан бастап  бірнеше жыл мектепте директорлық қызмет атқарған, аудандық білім бөлімін басқарған  республикалық білім беру үздігі медалінің иегері- Айжанов Мажит Мамытұлы басқаруда.

Қазіргі таңда 70 ұстаз, 36 шаруашылық қызметкері жұмыс атқарып, 525 оқушы білім алуда.

Жоғары білімді: 56

 
 
 
Пожаловаться на сайт