Контактная информация: Тел.: +7 (726)-3550352 Email: juali-gersen-om@mail.ru
Құрмет тақтасы9 «Б» сынып оқушысы Ошақбай Әйгерім - 2013 жылы қыркүйек айында Болгарияда өткен бокстан жастар арсындағы әлем чемпионатының үшінші орын жеңімпазы, желтоқсан айында Жезқазған қаласында өткен республикалық турнирде,қаңтар айында Сербия мемлекетінде Сомбор қаласында 14 мемлекет арасында өткен халықаралық турнирде, ақпан айында Шымкент қаласында өткен чемпионатта, сәуір айында Украина мемлекетінде Львов қаласында жолдастық кездесуде, мамыр айында Қарағанды қаласында өткен облыстық Ашық Біріншілігіне қатысып, үнемі І орындарды иеленіп жүрген мектеп мақтанышы. Жаттықтырушы А.Артықов. Мамыр айында Қарағанды қаласында қыздар арасында бокстан өткен «Мықты қыздар турниры» атты облыстық Ашық Біріншілігінде ІІІ орын алғаны үшін 8 «Ә» сынып оқушысы Сүйінқара Жансұлу грамотамен марапатталды.Жаттықтырушы А.Артықов. Осы оқу жылында баскетболдан аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, үнемі І, ІІ орындарды иеленіп жүрген мектебіміздің мақтаныштары 11 «А» сынып оқушылары Үргенішбай Шакура, Жұрат Әсем, Ерғали Шерхан, Құлмамиров Қыдыр, 10 «А» сынып оқушылары Өмірбеков Бауыржан, Тогимов Ильяс, 9 «Ә» сынып оқушысы Ақылбаев Нұржан, 9 «Б» сынып оқушысы Жұбаназаров Бауыржан. Жаттықтырушы А.Артықов.
Жарылқасын Жансая - 10 «А» сынып оқушысы. Елордасы Астана қаласында өткен ағылшын тілі пәні бойынша республикалық «Зияткерлер» бейіндік ауысымына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Пән мұғалімі Г.Қабылбекова
Берікбай Арайлым - Аудандық Мағжан оқуларының «Толқын мен толқын сырласып» шығармашылық зерттеу жұмысы арқылы ғылыми пайымын зерделей жеткізе білгені үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жанысбаева Динара - Облыстық «Зерде» ғылыми-зерттеу , шығармашылық жұмыстар конкурсына қатысып бас жүлдені жеңіп, VIII республикалық конкурсында І орынды иеленген 8 «Б» сынып оқушысы сертификат және 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Пән мұғалімі А.Омарбекова. |
|